Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров Украинада жүріп, генерал-лейтенант атағын алған өзін құттықтамай, Ресейден кетіп қалған тележүргізуші Иван Ургантты патриот дегені үшін Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың сөзімен келіспеді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі orda.kz-ке сілтеме жасап.
– Патриот болу үшін Ресейді сынап, шетелге кетіп қалу керек екенін, онда да шу-шұрқанмен кету қажеттігін, саяси қақтығыс төмендегенде түк болмағандай қайта орала салуға болатынын білмеппін, – деді Қадыров.
Азаттық мәліметінше, Дмитрий Песков Ресей әскерінің Украинадағы «әскери операциясын» қолдамайтындар мен Ресейден кетіп қалғандардың бәрін бірдей сатқын, деуге болмайтынын айтқан.
– Тележүргізуші Иван Ургантты жақсы білемін, өзінің көзқарасы бар шығар, бірақ ол үлкен патриот, – деді Путиннің баспасөз хатшысы.