Қалыңдық рәсім кезінде ұзақ жылағанының кесірінен көз жұмды

10 наурыз 2021, 13:48

Үндістанда қалыңдық дәстүрлі үйлену рәсімі кезінде ұзақ жылап, жүрек ұстамасынан қаза болды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үндістан дәстүрі бойынша, үйлену рәсімінен кейін қалыңдық "бидайай" рәсімінен өтуі керек. Оның барысында ол үйімен және отбасымен қоштасады. Әдетте, бұл рәсімде қалыңдықтар жылайды.

Рәсім барысында қалыңдық қатты жылаған, салдарынан есінен танып, ауруханаға жеткізілген.
Алайда дәрігерлер оны құтқара алмады - қалыңдық жүрек жеткіліксіздігінен қаза болды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Үндістанның Одиша штатындағы қыздың күйзелісіне тойынан үш ай бұрын әкесінің қайтыс болуы да әсер еткен.