Шартарап

Кәмелетке толмаған қызын тұрмысқа берген әке жазаланды

  • Фото: pixabay.com

    Фото: pixabay.com

Қырғызстандық азамат ойда-жоқта бас бостандығынан айырыла жаздады. Себебі ол, бұдан екі жыл бұрын әлі кәмелетке толмаған туған қызын тұрмысқа берген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

 

Бұл оқиғаға қатысты қылмыстық іс былтыр Мәскеуде қозғалған. Кәмелетке толмаған келіншек күйеуімен бірге ауруханаға түсіп қалғанда оның жасы 17-де болған. Сол кезде оны ата-анасы алдыңғы жылы тұрмысқа бергені әшкере болды. Қыз енді ғана 18 жасқа толса да, бір баласы бар екен.

 

Соның салдарынан, кәмелетке толмаған қызын тұрмысқа бергені үшін әлгі қыздың әкесі жазаға тартылды. Абырой болғанда қыздың әкесі кінәсін толықтай мойындаған. Қызы болса, өз еркімен тұрмысқа шыққанын алға тартып отыр.

 

Сот екі тараптың да уәжін тыңдап, заң бұзған адамды түрмеге отырғызбай, оған шартты жаза тағайындады.

 

Естеріңізде болса, Қырғызстанда 2016 жылдан бері кәмелетке толмаған балалардың некесін қиюға заңмен тыйым салынған. Егер заңбұзушылыққа жол берілсе, жасөспірімнің ата-анасы да, некені қиған имам да жауапкершілікке тартылады.

 




Көрілген: 344    Пікірлер: 0

бейсенбі, 06.02.2020, 13:57

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30