Қан кетуді қас қағым сәтте тоқтатын желім жасалды (видео)

22 желтоқсан 2021, 00:54

Массачусетс университетінің ғалымдары, тіпті, тоқтамай қан кетуді ары кетсе 15 секунд ішінде тоқтататын желім жасап шығарды. Бұл жайында islam.kz порталы cursorinfo.co.il ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Желімнің негізгі компоненті - ұлудың майы.

 

Медициналық мақсатқа арналған бұл инновациялық құралдың авторы Һиуну Иок есімді ғалым.

 

Бұл құралды алғаш рет тәжірибедегі егеуқұйрыққа қолданып көрген екен, нәтижесі ғалымдардың күткен межесінен де асып түскен – қанның кетуін 10 секунд ішінде тоқтатқан.

 

Бұл желім қатты қысымға төтеп бере алады. Тиімділігі жоғары желімді медициналық жәрдемнен шалғай жерлерде, мәселен, табиғат аясына серуенге шыққанда байқаусызда жазатайым жағдайда қан тоқтататын құрал ретінде пайдалануға болады.

 

Статистикалық дерекке үңілсеңіз, жыл сайын қан кетуден әлем бойынша шамамен 1,9 млн адам көз жұмады. Аталмыш желім бұл проблеманы еңсеруге мүмкіндік бермек.