Канадада "Маған тұрмысқа шығасың ба?" деген жазуы бар ұшақ апатқа ұшырады

04 қазан 2021, 13:14

Канадада “Маған тұрмысқа шығасың ба?” деген жазуы бар шағын ұшақ апатқа ұшырады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Global News агенттігіне сілтеме жасап.

Қайғылы жағдай Сент-Хелен аралында үйленуге ұсыныс жасау кезінде болған. Оқиға орнына полиция, өрт сөндірушілер мен  Канаданың көлік қауіпсіздігі жөніндегі кеңесінің тергеушілері шықты. Апаттың мән-жайы мен себептері туралы ешқандай мәлімет жоқ.

 
Ұшақ Сент-Элен аралына апаратын көпірдің жанында опат болған. Онда Osheaga Get Together музыкалық фестивалі қызу жүріп жатыр. Іс-шараны ұйымдастырушылар бұл оқиға фестивальге әсер етпегенін айтты.

Алайда, бір адам көз жұмып, біреуі ауруханаға түсті деген хабар бар. Бортта көп адам болмаған. Қауіпсіздік кеңесі ақпарат жинап, оқиғаны бақылайды.