Кандагар тұрғындары бас сауғалауға мәжбүр болды – видео

16 шілде 2021, 10:54

Кандагарда бір аптаға жуық уақыттан бері үкімет күштері мен "Талибан" қозғалысы соғысып жатыр

Халқының саны жағынан Ауғанстандағы екінші қала босап қалды – тұрғындар үйін тастап, қала шетіндегі мешітке жасырынып жатыр.

БАҚ "Талибан" * өкілдері Пәкістан-Ауғанстан шекарасындағы Спин-Болдак округінің орталығы мен Кандагар провинциясы полициясының штаб-пәтерін басып алғанын хабарлады.

Жақын арада босқындар саны артуы мүмкін. Қалада және провинцияларда бір апта бойы ұрыс тоқтаған жоқ.

Ауғанстандағы жағдай Америка әскерін елден біртіндеп шығара бастағаннан кейін нашарлады. Қыркүйекке қарай АҚШ сарбаздары толық кетуге тиіс.

Тәлібтер * Ауғанстанның 85 процент аумағын өз бақылауына алғанын мәлімдеді. Бірақ жергілікті үкімет бұл хабарламаны жоққа шығарды. Кандагарда не болып жатқанын видеодан көріңіз.

* "Талибан" қозғалысы – Қазақстанда және бірқатар елде тыйым салынған экстремистік террористік ұйым