Шартарап

Карантин коронавирусты тоқтатуға қауқарсыз - ДДҰ

  • Карантин коронавирусты тоқтатуға қауқарсыз - ДДҰ

    Карантин коронавирусты тоқтатуға қауқарсыз - ДДҰ

Коронавирусқа қарсы күрестің басты әдісі карантиндік шектеулер емес, сырқаттанғандардың байланысын қадағалау, анықтау және оқшаулау болып табылады. Бұл туралы дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Адхан Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Оның айтуынша, карантиндік шаралар инфекцияның берілуін баяулатуға көмектеседі, бірақ оны толық тоқтатпайды. Егер вирустың қайда екенін білмесе, бірде-бір ел covid-19 індетін бақылай алмайды, деп атап өтті ДДҰ басшысы.

"Контактілерді бақылау жұқтыру жағдайларын анықтау үшін, сондай-ақ контактілерді оқшаулау үшін маңызды. Бұл барлық елдерге қажет. Мобильді қосымшалар контактілерді қадағалауға көмектеседі, бірақ ештеңе жергілікті бақылауды алмастырмайды: арнайы қызметкерлер контактілерді тауып және тарату тізбегін бұзу үшін әр есікті қағып жүруі керек", - деді Гебрейесус.

Ол коронавирустың таралу жолдарын анықтау жекелеген жағдайлардың кластерлерге, ал кластерлер - қауымдастықтардың жаппай жұқтыруына жол бермейтінін түсіндірді.

"Контактілерді бақылау жалғыз құрал емес - ол кешенді пакеттің бір бөлігі болуы керек. Бірақ ең маңыздысы", - деді ДДҰ бас директоры.

Сондай-ақ, Тедрос Адхан Гебрейесус COVID-19-пен күресті Африкадағы эбола вирусына қарсы тұрумен салыстырды. ДДҰ мәліметтері бойынша, әлемде жұқтырғандардың жалпы саны 14 538 094 адамға жетіп, 607 358 адам қайтыс болды. 




Көрілген: 531    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 22.07.2020, 00:12

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31