Шартарап

Той қарсаңында қалыңдығынан айырылған жігіттің жерлеу рәсіміндегі әрекеті жұртты жылатты (видео)

  • Видеодан кадр

    Видеодан кадр

Вьетнамдық Данг Тхиен Ан сүйіктісінен көз жазып қалса да, той жасады, деп жазды AsiaOne басылымы.


Данг қалыңдығымен Хошиминдегі технология университетінде танысып, бірін-бірі ұнатып қалған. Соңғы екі жылда ғашықтар Жапонияда тұрып, жұмыс істепті. Бойжеткен тойға дайындалу үшін Вьетнамға оралады. Екі жастың үйлену тойы қыркүйек айының соңына жоспарланыпты.


Алайда жантүршігерлік трагедия орын алды. Жапонияда қалған Данг Facebook желісінде тікелей эфирден Вьетнамдағы жол апатын көрген. Ол апат болған жерде сүйіктісінің ата-анасы жүргенін байқап қалады. Вьетнамдық жігіт бірден хабарласып, болашақ жарының жол апатынан қаза болғанын естіпті.


Қайғыдан қан жұтқан жігіт отанына оралып, қалыңдығының жерлеу рәсімінде той жасайды. Данг үйлену тойында айтамын деген әнін орындап, қолына неке жүзігін таққан. Ал екінші жүзікті сүйіктісінің суретінің жанына қойған.



"Сен үшін талай нәрсе жағасым келіп еді, алайда қолымнан келгені осы болды. Біреу маған сені аспанға алып кетуге маңызды себеп болғанын айтты. Бірақ бұл мені күтпей-ақ қоюыңа болады деген сөз емес. Тойымызға 32 күн қалды...", - деді жігіт.


sputnik


 




Көрілген: 1482    Пікірлер: 0

сейсенбі, 03.09.2019, 09:11

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30