Қарулы қарақшыларды тоқтатпақ болған қаршадай қыздың әрекеті таңғалдырды (видео)
Жұртты таңғалдырған видео Филиппин аралдарында болған. Кішкентай қыз аулада ойнап жүргенде, тонаушылар әкесіне шабуыл жасаған.
Кішкентай бүлдіршін тайсалмастан, қарақшының қолындағы сөмкеге жармасып, тартып алуға тырысты. Тіпті шамасы жеткендей болып еді.
Видеода тонаушы шашылған ақшаны жинап алғысы келсе де, қыз бала мүмкіндік берер емес. Әрі қарай қыз қашып бара жатқан қарақшылардың соңынан ересектермен бірге жүгіріп кетеді.
Бақылау камерасына түсіп қалған видео желіде жарияланды.