Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қарулы топ Ереванда полиция бөлімшесін басып алды (видео)

18 шілде 2016, 10:28

Ереванда полиция ғимаратын басып алғандардың бірі Арег Кюрегян оқиға орнында түсірілген видеоны Facebook әлеуметтік желісінде жариялады, - деп хабарлайды Lenta.ru.

Кадрлардан Кюрегян мен оның сыбайласы автомат асынып алған, ал бөлмелердің бірінде кепілге алынған қызметкерлер бар. Басып алуға қатысқандардың қанша екені әзірше белгісіз қалып отыр, алайда видеоға қарағанда кем дегенде бесеу.

Басып алушылардың басты талабы - Армения президенті Серж Саргсянның отставкасы және уақытша үкіметтің құрылуы екен. Сонымен қатар, олар егер полицейлер ғимаратқа басып кіретін болса, лайықты түрде тойтарыс беретінін ескертіп отыр. Армения билігі өз кезегінде мұны қарулы көтеріліс емес деп отыр.

Еске салайық, бүгін, 17 шілдеде Армения астанасы Ереван қаласының маңындағы Эребуни ауданында қарулы топ полиция бөлімшесінің ғимаратын басып алған болатын.

kaz.tengrinews.kz