Кәсіпкер ажал оғынан аман қалды (видео)

28 қыркүйек 2021, 23:56

Ресейдің Артём қаласының тұрғыны кәсіпкерді өлтірмек болған. Бірақ абырой болғанда, тапаншадан оқ атылмай адам тірі қалды, деп хабарлайды Express Qazaqstan.

 

Ria.ru басылымының жазуынша, күдіктінің қастандық жасауына сатылымға қойылған жылжымайтын мүлігі себеп болған. Пәтерінен айырылып қалған ол баспананы сатып алған тарапты өз бетінше жазаламақ болады.

 

Сөйтіп үйді сатып алған жаңа қожайынның кеңсесіне кіріп тапаншадан оқ атады. Сол кезде суық қару істен шығып оқ атылмай қалған. Осыдан кейін кеңседегі адамдар оқ атқан адамды ұстап, полицияға хабар береді.

 

 

Адам өміріне қауіп төндірген күдіктіге қатысты қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.