Шартарап

Катардағы әлем чемпионатына дайындық барысында 6,5 мың еңбек мигранты қаза тапты

  • https://islam.kz/

    https://islam.kz/

2022 жылы Катарда өтуі тиіс футболдан әлем чемпионатына аталған ел аумағында дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Әсіресе, спорттық нысандар мен инфрақұрылым құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

 

Осы дайындық барысында шетелден нәпақа іздеп келген еңбек мигранттары да өз үлесін қосып жатыр.

 

Алайда, чемпионатты тамашалау үшін келетін шетелдік меймандар мен туристерге арнап соғылып жатқан қонақ үйлер, жол, стандион, әуежай, т.б. нысандар құрылысы кезінде 6,5 мыңнан аса еңбек мигранты жазатайым оқиғаның құрбаны болған.

 

Мұның себептері көп: еңбек қауіпсіздік техникасын сақтамау, биіктен құлап өлу, электр тогынан, т.б. көз жұмғандардан гөрі аптап ыстықтан қаза тапқандар қарасы көп.

 

Бұл жайында islam.kz порталы The Guardian ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.

 

Аталған ақпарат көзі бұл деректі Катардағы жалданып жүрген азаматтары көп бес елдің елшілігінен алған екен.

 

Аталған араб елінде қаза тапқан еңбек мигранттарының арасында үнділердің қарасы көп болып шықты &ndash 2,7 мың адам; одан кейінгі орында Непал азаматтары &ndash 1,6 мың; Бангладеш &ndash 1 мың; Пәкістан &ndash 800; Шри-Ланка &ndash 550-ден асады.

 

Бұл айтылғандар арасында Кения, Филиппин және өзге де елдердің еңбек мигранттары кірген жоқ.

 

2019 жылы Катарда еңбек етіп жүрген мигранттардың дені аптап ыстықтан опат болған.

 

 




Көрілген: 384    Пікірлер: 0

жұма, 26.02.2021, 12:48

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    сәуір
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30