Шартарап

Қайтыс болған ресейлік мәйітханада үш күннен соң тіріліп кетті

  • Қайтыс болған ресейлік мәйітханада үш күннен соң тіріліп кетті

    Қайтыс болған ресейлік мәйітханада үш күннен соң тіріліп кетті

56 жастағы ер адам мәйітханадағы тоңазытқышта үш күннен соң тіріліп кетті, деп жазады VRK.News.
Оқиға Ресейде Нижегород облысында болған. Бұны көрген аудандық мәйітхана қызметкерлерінің зәресі ұшқан.

Виктор Самохвалов журналистермен сөйлесуден бас тартқанымен, бірнеше күннен соң өзін суретке тұсірмеуді талап етіп байланысқа шыққан.

«Мен өзімді нашар сезіндім. Он жыл жүрегім ауырды. Көршіме хабарласып, көмекке шақырдым, есік аштым, жедел жәрдем шақыруға тырыстым. Ары қарай не болғаны есімде жоқ. Есімді жисам, мұздай мәйітханада жатыр екенмін&hellip. Қатты қорқып кеттім. Есіктен шығып, санитарларға барғанымда олар шошып кетті», &ndash дейді ер адам.
Мұндағы барлық дәрігерлер бұндай жағдай алғаш рет болып отырғанын айтады.

«Біз бұндай жағдайлар туралы естігенбіз. Дәрігерлер адамды өлдіге санап, мәйітханаға жібергенде тіріліп кететіндер болады. Бірақ бұндай жағдайлар сирек болады.  Тоңазытқышта үш күнге сау адам да шыдамайды. Сондықтан бұл ғажап құбылыс деп есептейміз», &ndash дейді мәйітхана қызметкері.

aikyn.kz




Көрілген: 539    Пікірлер: 0

сенбі, 09.01.2021, 00:02

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31