Қаза тапқандар бар: Татарстанда ұшақ құлады

10 қазан 2021, 13:51

Татарстанның Мензелинск қаласында ұшақ құлады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новостиге сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар қызметінің өкілінің мәліметінше, бортында 20 парашютші және екі экипаж мүшесі болған L-410 ұшағы Татарстандағы Мензелинск қаласында құлады.

Дереккөздің хабарлауынша, ұшақ Мензелинск (Татарстан) қону жолағынан көтерілгеннен кейін құлаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, 19 адам қаза тауып, қалғаны ауруханаға жатқызылды. 

"ТЖМ ақпараты бойынша, Мензелинск қаласының ауданында Мензелинск қону жолағынан ұшқаннан кейін Л-410 апатқа ұшырады. Жолаушыларды босату және эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде", - деді ақпарат көзі.