Шартарап

Қазақ қызы АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды

  • Фото ғаламтордан

    Фото ғаламтордан

Қазақстан тумасы Әсел Робертс АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды АҚШ Мемлекеттік департаментінің ресми сайты.

 

«Әсел Робертс 2021 жылғы 20 қаңтардан бастап АҚШ президенті протоколының басшысы міндетін атқарушы қызметіне кірісті. Протокол басшысы кеңсесінде 15 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан ол соңғы уақытта аға кеңесші қызметін атқарып жүрді. Робертс ханым Джорджтаун университеті дипломатиялық қызмет мектебінің халықаралық құқық және ұйымдар саласы бойынша бакалавират бөлімін бітірген. Орыс, қазақ және жапон тілдерін меңгерген» &ndash делінген хабарламада.

 

Әсел Төленова 1976 жылы Алматы қаласында дүниеге келген.

 

1993 жылы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қатынастар факультетіне оқуға түскен.

 

Кейіннен Ақ үйге  жұмысқа тұрып, онда президент протоколы департаментінде қызмет еткен.

 

Аталған департаментте он бес жылдан астам жұмыс істеп келе жатқан ол 2014 жылы департамент басшысының орынбасары лауазымына тағайындалған.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 477    Пікірлер: 0

жұма, 22.01.2021, 12:19

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    наурыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30 31