Шартарап

Қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті

  • Қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті

    Қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті

Мәскеулік қазақ қызы Нью-Йорк орталығында домбыра шертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Видеоны блогер Абзал Лесбеков YouTube-тегі арнасында жариялады.

Лаура - Ресейлік қазақ. Арнайы ролик үшін ол ұлттық қамзол киіп домбырада ойнады. Видео авторы қыз туралы толығырақ айтып беруге уәде етті. 

Еске салайық, Қазақстанда шілденің бірінші жексенбісінде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі. Мерекені 2018 жылы Нұрсұлтан Назарбаев бекіткен.

"Домбыра - қазақтың жаны... Маған домбырада жақсы ойнайтын адамдар ұнайды. Қазақтың халық әндері де өте жанды, философиялық мазмұны бар. Қазақ әнінде музыканы емес, сөзін тыңдау керек. Сөздер өте үлкен мағына береді", - деген еді Елбасы.

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады.

"Қос ішекті қара домбыраның үнінде Ұлы даланың тамыры терең тарихы мен сан ғасырлық шежіресі бар. Қазақтың бекзат болмысы мен асыл қасиеттері қашанда әнмен әрленіп, күймен көмкерілген. Халқымыздың төл өнерін төрімізден түспеген домбырасыз елестету мүмкін емес", - делінген Президент құттықтауында.

Сондай-ақ, Тоқаев ұлттық рухты күмбірлеген күйден артық көтеретін дүние кемде кем екенін айтты.

 

 




Көрілген: 408    Пікірлер: 0

жексенбі, 05.07.2020, 17:44

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31