Шартарап

"Қазақстан билігін құлатпақ болған" азамат Мәскеуде сотталды

  • Көрнекі сурет. ©azattyq.org

    Көрнекі сурет. ©azattyq.org

29 мамырда Мәскеуде Нагатин аудандық соты саяси технолог, Петр Милосердовты "Қазақстанда экстремистік қоғамдастық құрды" деп айыптап, 2,5 жыл түрмеге кесті.


Милосердов 2018 жылы қаңтарда Мәскеуде үйінің алдында ұсталған. Тергеу оны экстремистік қоғамдастық құрды деп айыптап, "Ашулы қазақ" жобасы мен "16 желтоқсан өтетін акцияның жоспары" мәтіндерін дайындаған деп кінәлайды. Айыптаушылар сөзінше, бұл мәтіндер әлеуметтік және ұлтаралық араздықты қоздырады. Бірақ BBC-дің Орыс қызметі "бұл екі мәтін Ресей әділет министрлігінің сайтындағы экстремистік материалдар тізімінде жоқ" деп жазады.


Тергеу мәліметтері бойынша, Милосердов бұрын қамауда отырып шыққан белсенді Александр Поткинмен "Қазақстан билігін құлату үшін экстремистік қоғамдастық құрған". Поткин 2014 жылы ұсталып, оның ісі екі жыл қаралды. 2016 жылы Мәскеу соты Поткинді 7,5 жылға соттап, кейіннен жаза мерзімін 3,5 жылға азайтқан. Ол былтыр босап шығып, қазір "қазақстандық БТА банктен жымқырылған қаржыны заңдастыру ісі" бойынша үйқамақта отыр.


Милосердовты саяси тұтқын деп таныған "Мемориал" құқық қорғау орталығы сотталған азаматтың сөзін келтіреді. "Бұл істе менің Қазақстанға бір-ақ жерде қатысым бар. 2012 жылы қарашада Поткин Қазақстанда әлеуметтік зерттеу жүргізуді сұрады. Ол қоғамдық-саяси саладан хабары бар сарапшылардан сауалнама алуды тапсырды. Алматыда 4-5 адаммен сөйлесіп, Поткинге сауалнаманы жібердім" дейді Милосердов.


Саяси технологтың қорғаушылары "Қазақстанның конституциялық құрылымын өзгертуге тырысу Ресейде қылмыс емесін" айтады. Қазақстан Бас прокуратурасы былтыр шілдеде Милосердовқа артатын кінәсі жоғын, ресейлік органдарға оны қылмыстық жауапқа тарту туралы тапсырма бермегенін хабарлаған.


 www.azattyq.org




Көрілген: 598    Пікірлер: 0

бейсенбі, 30.05.2019, 19:34

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    маусым
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30