Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазақстандық ер адам мұнараға шығып алып, Путинмен байланыстыруды талап етті

21 қазан 2019, 09:54

Ресейдің Иркутск облысының Усть-Кута қаласындағы темір жол станциясында қазақстандық ер адам жанжал шығарды. Ол мұнараға шығып алып, Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей желі орнатуды талап еткен.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ust-kut24.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылым мәліметінше, 29 жастағы қазақстандық ер адам мұнай компаниясына жұмысқа орналасамын деген үмітпен Ресейге барыпты. Алайда оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан. Осылайша ойы іске аспаған ер адам үйіне қайтуы керек болғанда, ол жолға шығар алдында ішімдіктен ұрттап алыпты. Артынша пойыз басшысы мас жолаушыны отырғызудан бас тартқан.

Ер адам пойыздың жүруіне аз уақыт қалғанда 20 метрлік жарық мұнарасына шығып алып, суицид жасайтынын айтып қорқытыпты. Сонымен қатар ол мемлекет президенті Владимир Путин немесе РЛДП партиясының жетекшісі Владимир Жириновскиймен тікелей желі орнатуын талап еткен.

Басылымда хабарланғандай, осы уақыт бойы ер адам төмендегі құтқарушылар, полицейлер мен темір жол станциясының жұмысшыларына электр сымдарын оқшаулағыш затты лақтырған. Арада шамамен 9 сағат өткеннен кейін станция басшылығы қазақстандық ер адамның анасымен әрең хабарласқан.

Әңгіме барысында ер адамның жұбайының жүкті екені белгілі болды. Мұнан кейін қазақстандық төменге түсіп, полицияға берілді.

Ер адамға қомақты көлемде айыппұл салынып, үйіне жіберілді. Ендігі оның Ресей аумағына келуіне тыйым салынуы мүмкін.