Шартарап

Қазақстандық ер адам мұнараға шығып алып, Путинмен байланыстыруды талап етті

  • Қазақстандық ер адам мұнараға шығып алып, Путинмен байланыстыруды талап етті

    Қазақстандық ер адам мұнараға шығып алып, Путинмен байланыстыруды талап етті

Ресейдің Иркутск облысының Усть-Кута қаласындағы темір жол станциясында қазақстандық ер адам жанжал шығарды. Ол мұнараға шығып алып, Ресей президенті Владимир Путинмен тікелей желі орнатуды талап еткен.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ust-kut24.ru порталына сілтеме жасап хабарлайды.


Басылым мәліметінше, 29 жастағы қазақстандық ер адам мұнай компаниясына жұмысқа орналасамын деген үмітпен Ресейге барыпты. Алайда оны жұмысқа қабылдаудан бас тартқан. Осылайша ойы іске аспаған ер адам үйіне қайтуы керек болғанда, ол жолға шығар алдында ішімдіктен ұрттап алыпты. Артынша пойыз басшысы мас жолаушыны отырғызудан бас тартқан.


Ер адам пойыздың жүруіне аз уақыт қалғанда 20 метрлік жарық мұнарасына шығып алып, суицид жасайтынын айтып қорқытыпты. Сонымен қатар ол мемлекет президенті Владимир Путин немесе РЛДП партиясының жетекшісі Владимир Жириновскиймен тікелей желі орнатуын талап еткен.


Басылымда хабарланғандай, осы уақыт бойы ер адам төмендегі құтқарушылар, полицейлер мен темір жол станциясының жұмысшыларына электр сымдарын оқшаулағыш затты лақтырған. Арада шамамен 9 сағат өткеннен кейін станция басшылығы қазақстандық ер адамның анасымен әрең хабарласқан.


Әңгіме барысында ер адамның жұбайының жүкті екені белгілі болды. Мұнан кейін қазақстандық төменге түсіп, полицияға берілді.


Ер адамға қомақты көлемде айыппұл салынып, үйіне жіберілді. Ендігі оның Ресей аумағына келуіне тыйым салынуы мүмкін.




Көрілген: 332    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 21.10.2019, 09:54

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30