Қазақстанға көшіп келген ресейлік тиктокер тойға шыға бастады (видео)

16 мамыр 2022, 13:25

Әлеуметтік желілерде Даня Милохиннің тойда өнер көрсеткен сәтінен видео тарап кетті.

Жақында ғана Қазақстанға көшіп келгенін хабарлаған желі жұлдызы Даня Милохин жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігіне барынша бейімделіп жатыр. Танымал тиктокер енді отандық жұлдыздардан қалыспай той-томалақтарға шыға бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі. 

Әлеуметтік желілерде Даня Милохиннің тойда өнер көрсеткен сәтінен видео тарап кетті. Онда тиктокер ән салып, артынан жас жұбайларға ақ тілегін жолдағанын көруге болады. Той қонақтары Милохиннің өнер көрсетуіне риза болып, оған қошеметін аямауда. 

Айта кетейік, Даня Милохин Алматыға арнайы "Tik-tok Fest" концертік шарасы үшін келген болатын. Кейіннен ол оңтүстік астанадан жалға үй алып, Қазақстанда қалатынын мәлімдеді. Желі жұлдызы өзінің Instagram парақшасында көпшілікке Алматыда қалай өмір сүріп жатқанын белсенді түрде көрсетуде.