Шартарап

Қазақстаннан асырап алынған қыз АҚШ-та актриса атанды

  • Стелла Смит

    Стелла Смит "Қара найзағай" сериалында © LostFilm

Қарағандыда туып, бала кезінде америкалық отбасы асырап алған қыз АҚШ-та актриса атанды, - деп хабарлайды BaigeNews.


16 жастағы Стелла Смит "Қара найзағай" (Black Lightning) телесериалына түсті. Ол үшінші маусымда Грейс есімді жасөспірімді сомдайды. Жаңа маусым қазанда басталды. Сценарий бойынша болашақта Грейс суперкүші бар әйелге айналады.



Бұл Стелланың кинодағы алғашқы рөлі емес - бала кезінен ол жарнамаға түсіп жүр, алғашқы рөлі "Девочка и ее зомби" фильмінде болған. Сондай-ақ ол басқа да картиналар мен қысқаметраж фильмдерге түскен. Стелла - Либерти және Лаура Смиттің жалғыз баласы. Қазақстан соты 2004 жылы наурызда Стелланың сегіз айлығында асырап алуға рұқсат берген. Қазақстанда оның есімі басқа болған.



Стелла бала кезінен модель болып жұмыс істеген, актерлік шеберлік курстарына қатысқан. Сегіз жасында пиццерия желісінің жарнамасына түскен.



Басылымның мәліметінше, АҚШ-та тұрып жатқан Қазақстан тумасы Paradigm Talent Agency және Cohen Entertainment агенттіктерімен келісімшартқа отырған. Қыркүйекте ол SAG-AFTRA мүшесі атанған.


 Тengrinews.kz




Көрілген: 478    Пікірлер: 0

бейсенбі, 07.11.2019, 12:36

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30