Шартарап

Қазақстаннан Түркияға әуе рейсі шектелуі мүмкін

  • Қазақстаннан Түркияға әуе рейсі шектелуі мүмкін

    Қазақстаннан Түркияға әуе рейсі шектелуі мүмкін

Қазақстаннан Түркияға әуе рейстері шектелуі мүмкін. Себебі, аталған елде эпидахуал ушығып, пандемия басталғалы науқастардың рекордтық көрсеткіші тіркелуде. Түркияда вирустың "британдық" және "бразилиялық" штаммы жылдам таралып, аурудан көз жұмғандар соңғы аптада күрт артқан. Ел президенті Режеп Тайып Ердоған қасиетті Рамазан айында шектеу шарасын одан сайын күшейтті, деп хабарлайды  "КТК" арнасы.

Түркияда жұқпалы дерт қайтадан дендеп барады. Өткен аптадан бері аталған мемлекетте күн сайын 50 мыңнан астам адамнан ауру анықталып жатыр. Бұл пандемия басталғалы рекордық көрсеткіш. Жергілікті билік наурыз айында қауіпті кесел кеулеген соң, коменданттық сағат енгізілген.

 
Анкарада білім алып жүрген отандасымыз қасиетті Рамазан айында шектеу шаралары тағы күшейтілгенін жеткізді. Мархабат Ілияс көшеде сақтық ережелерін қатаң сақтауға тырысатынын айтты. Себебі, бетпердесіз жүргендерді полиция әкімшілік жазаға тартады.

"Егер бетпердесіз жүрсек, 9 лира – 50 теңге айыппұл салынады. Түркияда коронавируспен күрес шаралары жалғасуда. Кешеден бастап кафе, мейрамхананың барлығы жабылды. Тапсырыспен ғана жұмыс істейді. Коменданттық сағат кешкі сағат тоғыздан таңғы сағат беске дейін. Апта соңында көшеге шығуға тыйым салынды. Апта соңында тек дүкен мен дәріханаға бара аламыз", - деді студент Мархабат Ілияс.

Түркияның денсаулық сақтау министрі 7 миллион адам коронавирусқа қарсы вакцинаның екі компанентін алып үлгергенін мәлімдеді. Фахреттин Кожа елде вирустың "британдық" және "бразилиялық" штаммы жылдам таралып, эпидахуал ушыққанын ескертті.

Қазір отандық туроператорлар Түркияға жолдама алған туристердің рейсін маусым айына ауыстыруға мәжбүр.

"Қазір турпакетпен Түркияда демалып жүрген 200 отандасымыз бар. Олардың денсаулығына алаңдайтын негіз жоқ. Себебі, Түркия туристерге барлық жағдай жасайды. Оған күмәніміз жоқ. Қазір алдын ала төлем алған туристердің демалысын келесі айға шегеріп жатырмыз. Түркиядағы эпидахуалды бақылаймыз. Бірақ ПТР-тест арқылы елге оралсақ, қазір бұл талап барлығына міндетті. Сол кезде бәрі дұрыс болады", - деді "Туристік қамқор" қорының төрайымы Инна Рей.

Ресей мемлекеті күні кеше ғана сәуірдің 15-інен маусымның 1-іне дейін Түркиямен әуе байланысын шектеді. Мәскеу мен Ыстамбұлдан аптасына тек 2 рейс жүзеге асырылады. Ауру асқынған Түркиямен әуе рейсін қысқарту мәселесі Қазақстанда да талқыланады.  

"Түркиямен әуе қатынасты тоқтату немесе қысқарту бойынша мәселелердің шешімі тек қана ведомствоаралық комиссияның шешімімен шығады. Бүгін, ертең комиссия отырысы өтеді. Сол уақытта шешім шығады. Қазір Түркия және басқа елдермен әуе қатынасы тоқтатылған жоқ. Қазір әлемнің түкпір-түкпірінен туристер ағылатын Анкара, Ыстамбұл, Анталья қалаларында індет өршіп тұр", - деді санитария-эпидемиология бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтана.

Соңғы тәулікте Түркияда аурудан 243 адам ажал құшып, коронавирус құрбандарының жалпы саны 34 мыңнан асып жығылды. Жергілікті тұрғындар бүгін президент Режеп Тайып Ердоғанның қатысуымен өтетін үкіметтің отырысын асыға күтіп отыр. Өйткені дәл осы жиында қауіпсіздікке қосымша шектеу шарасы жариялануы бек мүмкін.




Көрілген: 533    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 14.04.2021, 00:51

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31