Шартарап

Қазақтар мен күрдтер арасында жаппай төбелес болды (видео)

  • https://baq.kz/

    https://baq.kz/

Ресейдің Саратов облысында түрлі ұлт өкілдері арасында жанжал болды.

 

СарИнформ мәліметіне сүйенсек, бүгін Саратов облысындағы Дергачи елді мекенінде қазақ және күрд диаспоралары арасындағы жанжал шиеленісе түскен.

 

Ұрыс-керіс негізінен 21 қазанда жас қазақ баласын әскерге шығарып салу барысында басталған көрінеді. Түрлі ұлт өкілдері арасында ішімдік ішу салдарынан төбелес басталған, оған жанжалды бастағандарды қолдайтындар қосылған.

 

Кейіннен Дергачиде тұратын күрдтер өз ағайынын көмекке шақырған.

 

Жанжалдасқан күрдтер мен қазақстарға екі жақтың ақсақалдары басу айтып тоқтатқан. Сонымен қатар оқиға орнына полиция да жеткен.

 

 

Келесі күні полиция бөлімінде дауды бастаған күрдтің әкесі мен қазақтар тарапынан ақсақал кездесіп, бір-біріне еш наразылығы жоқ екенін айтып, жанжалды шешуге атсалысуға уағдаласқан.

 

Алайда уәде ұзаққа созылмай бүгін тағы да бір жанжал болған.

 

Бүгін Дергачиге басқа аудандардан күрдтер жиналып, жергілікті қазақтарға сес көрсетпек болды. Олардың айтуынша, қазақтар арандатушылықтың арқасында ұлттық өшпенділікті туындатты. Ал күрдтердің міндеті бір-бірін зәбірлеуге жол бермей, көмекке келу, - деп атап өтті дереккөз.

 

Дергачиге кешке құқыққорғау органдары басшыларымен қоса Саратов облысының вице-губернаторы Игорь Пивоваров да барды.

 

 

Олар (жанжалдасқандар - ред.) тағы бірдеңе бастамақ болды. Алайда полиция дер кезінде оқиға орнына келді. Біз кетіп қалдық. Қазір ол жерді тиісті органдар күзетіп жатыр. Бәрі тыныш, - деді ол.

 

Ал Саратов облысы ІІМ хабарлауынша, 24 қазанда полиция қызметкерлері Саратов облысы Дергачи ауданының тұрғындары арасындағы жанжалдың алдын алды.

 

Жедел әрекет етудің арқасында қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілмеді. Жанжалдасқандардың арасында зардап шеккендер жоқ. Қазір аталмыш дерек бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр, - делінген ведомство мәліметінде.

 

 

BAQ.KZ




Көрілген: 412    Пікірлер: 0

жексенбі, 25.10.2020, 14:18

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30