Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қазан мектебіндегі қырғын: Ресей тергеу комитеті Ильназ Галявиевке соңғы айып тақты

10 желтоқсан 2021, 17:35

Ресейдің тергеу комитеті Қазан қаласындағы мектеп гимназияларының бірінде атыс ұйымдастырған Ильназ Галявиевке РФ Қылмыстық кодексінің төрт бабы бойынша соңғы айыптарын тақты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап.

"Қылмыстық іс бойынша жиналған дәлелдемелер негізінде күдіктіге Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексі 105-бабының 2-бөлігінде, 223.1 бабының 1-бөлігінде, 222.1 бабының 1-бөлігінде, 167-бабының 2-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін түпкілікті айып тағылды", - деді РФ тергеу комитетінің ресми өкілі Светлана Петренко.

Галявиевті екі немесе одан да көп адамды, оның ішінде кәмелетке толмағандарды жалпы қауіпті тәсілмен өлтіру, кісі өлтіруге оқталу, жарылғыш зат жасау, мүлікті қасақана бүлдіру бойынша кінәлі деп танып отыр.

“Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қайғылы оқиғаларға Галявиевтің интернеттен алған ақпаратты деструктивті субмәдениеттердің бірінің бейресми өкілдерінің әрекеттеріне еліктеуге ұмтылуы, шабуыл кезінде олардың мінез-құлқын көшіріп алуы себеп болған", - деп қосып өтті Петренко.

Кәмелетке толмағандарды қосқанда барлығы 600-ден астам адам жәбірленуші деп танылды.

Петренко сонымен қатар кешенді психологиялық-психиатриялық сараптаманың қорытындысына сәйкес Галявиевтің есі дұрыс деп танылып, қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын айтты. Оның айтуынша, ол кінәсін толық мойындап, өкінетінін жеткізген.

Қазан мектебіндегі оқиға

11 мамырда Қазан қаласындағы мектептердің бірінде Ресейдегі соңғы жылдардағы ең үлкен қанды оқиға болды. Тергеу мәліметіне сүйенсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев №175 гимназиясында жарылыс жасап, атыс ұйымдастырып 7 бала мен 2 мұғалімнің өмірін қиып, тағы 24 адамды жаралаған. 

Галявиев өмір ойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.