Шартарап

Қазанда атыс шығарған Галявиевтің әкесі оқиғадан кейінгі жағдайын айтты

  • Қазанда атыс шығарған Галявиевтің әкесі оқиғадан кейінгі жағдайын айтты

    Қазанда атыс шығарған Галявиевтің әкесі оқиғадан кейінгі жағдайын айтты

Қазан қаласындағы мектепте атыс ұйымдастырған 19 жастағы Ильназ Галявиевтің әкесі қайғылы оқиғадан кейін отбасындағы жағдай туралы айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Мен осы уақытқа дейін ұлымды көрген жоқпын. Тергеушілер оны Мәскеуге сараптамаға апармайынша, ол оны көре алмайтынымды айтты. Мен Ильназдан қалай бас тарта аламын? Әкесі епеспін бе? Біз ұлымызға тек киім беріп жібере алдық. Бірақ ол әлі тұтқындалған кезде киген киімімен жүр. Бізді қорғаушылармен қамтамасыз етпеді. Кез келген адам келіп, бізді өлтіріп кете алады”, – дейді Галявиевтің әкесі. 

Ер адам соңғы кездері баласының бойынан агрессия, ыза байқаған. 

 
"Ашуланған кезде ары кетсе есікті қатты жауып, ызасын көрсететін. Бір жарым ай бұрын агрессия көбірек байқала бастады. Біз пәтерімізден көшіп, баламызды жалғыз қалдырған жоқпыз. Бұл жалған ақпарат. Біз басқа үйде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, екі үйде де тұрып жатқан едік. Сондықтан кейде ұлымыз пәтерде жалғыз қалатын", - деді ол.

“Оқиғадан кейін қатты қиналдық. Екінші ұлыма біздің адам өлтірген қанішер екенімізді айтып хат жаза бастады. Әйелім де қатты күйзеліске түсті. Төсек тартып жатып қалды. Маған әріптестерімнің тарапынан ғана қолдау болды. Олар оқиғаны бетіме баспады”, – дейді ол. 

Ер адамның айтуынша, ұлы сегізінші немесе тоғызыншы сыныпта оқып жүргенде отбасы баласының басы ауыратынын, ми ауруына шалдыққанын білген. Ол кезде Ильназ басының қатты ауыратынын айтқан. 

“Баламды көрсем, барлық “жақсы” сөзімді айтып, ұрсып, көзбе-көз сөйлесер едім”, – дейді әкесі.

Айта кетсек, 19 жастағы Ильназ Галявиев Қазандағы мектеп-гимназиясына қарумен келіп, шабуыл жасаған. Нәтижесінде жеті оқушы мен екі ұстаз көз жұмды. Қазір қаскөй түрмеде, ол өмір бойына бас бостандығына айырылуы мүмкін. Дәрігерлер оның шизофренияға бейім екенін айтқан. 




Көрілген: 815    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 11:00

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31