Санкт-Петербург қаласында жантүршігерлік оқиға болды. 41 жастағы келіншек өзінің мысығын өлтірген көршісін бөлшектеп тастаған. Биылғы жылдың сәуір айында адам қалдықтары салынған пакеттер табылған. Бірақ іс қазір ғана ашылған.
29 наурызда ер адам мен келіншектің арасында жанжал болған. Олар бірін-бірі бұрыннан ұнатпай жүрген. Бұл жолы ер адам келіншектің мысығын өлтіріп тастаған. Содан басталған жанжал кезінде келіншек ер адамды балтамен ұрып өлтіріп, мәйітін бөлшектеп, пакеттерге салған. Содан кейін пакеттерді қаланың екінші шетіне апарып тастаған. Күдікті қазір ұсталған. Ол кінәсін толық мойындаған.
Дереккөз: eg.ru