Шартарап

"Келші, құшақтайыншы" - Атамбаев сотта әйелімен көрісті (видео)

  • Фото:svodka.akipress.org

    Фото:svodka.akipress.org

Бішкекте Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың ісі бойынша сот тыңдалымы жалғасып жатыр. Судья Мирлан Термешиков БАҚ өкілдеріне алғаш рет сот отырысын видеоға түсіруге рұқсат берген, - деп хабарлайды Akipress.

 

Сот процесі ашық режимде өткені айтылады. Атамбаевты қол шапалақтап қарсы алған екен.

 

 

Сотқа келгендердің қатарында экс-президенттің жұбайы Раиса Атамбаева да болды. Ол күйеуімен үзіліс кезінде амандасып үлгерген.

 

"Келші, сені құшақтайыншы", - деген Атамбаевтың жұбайы.

 

 

Еске салайық, мұның алдында Атамбаев өзін қамауда қалдыруды сұраған болатын.

 

Еске салайық, 6 қазанда Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатқан болатын. Мұның алдында Атамбаевтың 11 жылға сотталғаны хабарланған еді.

 

 

РИА Новости мәліметінше, 2006 жылы Бішкек маңындағы колониялардың бірінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырғаны үшін Батукаев 16 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылған. Бүлік кезінде депутат Тынығбек Ақматбаев, жазаны атқару бас басқармасының бастығы Икматулла Полотов және парламенттің екі қызметкері қаза тапқан.

 

2013 жылы Батукаев түрмеден босатылады. Бірнеше сағаттан кейін ол жаңа паспорт алып, елден кетеді. Тергеу мәліметі бойынша, оны босатуға жоғары лауазымды шенеуніктер, оның ішінде елдің экс-президенті Атамбаев та қатысты. Оларға "ұйымдасқан қылмыстық топтың мүддесі үшін сыбайлас жемқорлықты ұйымдастырды" деген айып тағылды.

 

 

 

kaz.tengrinews.kz

 




Көрілген: 3993    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 18.11.2020, 18:20

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    10 Қаңтар, 18:13
    COVID-19. Әлемдегі жағдай

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31