Шартарап

КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр - дәрігер

  • КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр - дәрігер

    КХДР билігі коронавирустың жаппай таралуын жасырып отыр - дәрігер

Солтүстік Кореяда он мыңдаған адам коронавирус жұқтырған. Бұл туралы Сеулде өткен баспасөз конференциясында 8 жыл бұрын Солтүстік Кореядан қашып келген дәрігер мәлімдеді, - деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазір Чой Чон Хун Седжондағы Корея университетінде жұмыс істейді. Дәрігердің болжамы оның тәжірибесіне негізделген. Ол 2002-2003 жылы атиптік пневмония эпидемиясы кезінде жұмыс істеген.

"Корей Халық Демократиялық Республикасының билігі адамдарға шындықты айтып жатқан жоқ", - дейді ол.


 
Дәрігер Чой Корей түбегінің солтүстігінде медициналық жабдық жеткіліксіз екенін баса айтты. Биыл "Шекарасыз дәрігерлер" халықаралық ұйымы Солтүстік Кореяға көмек жібергені ресми түрде жарияланды. Елдің Қызыл Крест ұйымы коронавирусқа 10 мың сынақ өткізуге арналған жабдықтар алды. Дәрігердің айтуынша, барлық көмек Пхеньянда қалады. Сондықтан басқа аймақтарда COVID-19 анықтайтын ешқандай жабдық жоқ.

"Мен КХДР-да коронавирустың кем дегенде 30 мың жағдайы бар екеніне сенімдімін. Солтүстік Корея режимі 30 мыңға жуық адамды оқшаулады деп жариялады. Бұл адамдар Қытаймен шектесетін аймақта тұрады және ондағы шекара қаңтарға дейін ашық болған. Бұл туралы Солтүстік Корея бұқаралық ақпарат құралдары жазбайды. Олар тек Жапонияда коронавирустан қанша адам қайтыс болды, сонша адам АҚШ-та қайтыс болды деп айтады", - дейді Чой Чон Хун.




Көрілген: 1232    Пікірлер: 0

жексенбі, 29.11.2020, 22:58

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қаңтар
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31