КХДР-да тәулігіне 232 мыңнан астам «белгісіз қызбаның» жаңа жағдайы анықталды

18 мамыр 2022, 09:32

Солтүстік Корея билігі бұл ауруды «белгісіз безгек» деп атайды, бірақ келіп түскен деректер коронавирустық инфекцияның таралуы туралы болжайды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

КХДР-да өткен тәулікте 232 мың «белгісіз қызба» анықталды, алты адам қайтыс болды, деп хабарлайды Yonhap.

 

Белгісіз дерттен көз жұмғандар саны 62 адамға жетті.

 

Жалпы, Пхеньян қызба деп атайтын ауру қазірдің өзінде 1,72 миллион адамнан табылған. Сонымен қатар, 1,02 миллионнан астам адам толық жазылып шықты, 691 мыңға жуық адам емделуде.

 

Солтүстік Корея билігі бұл ауруды «белгісіз безгек» деп атайды, бірақ келіп түскен деректер коронавирустық инфекцияның таралуы туралы болжайды.