Шартарап

Киевте "Гитлер" қолға түсті

  • https://turkystan.kz/

    https://turkystan.kz/

Украина астанасы Киев қаласында аса қауіпті «Гитлер» деген террорист қолға түскен, &ndash деп хабарлайды ӨзА.

 

Елдің Қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, қылмыскер нәсілдік және діни негіздер бойынша террористік актілерді жасауға арналған нұсқаулар мен шақырулардан тұратын материалдарды тарататын желі құрған.

 

Олардың арасында 2019 жылы Жаңа Зеландиядағы мешіттерге шабуыл жасаған австралиялық террорист Брентон Тарранттың манифесті бар екені айтылады.

 

Тінту кезінде топ жетекшісінен орыс және украин тілдеріндегі экстремистік материалдар, сондай-ақ неонацистердің белгілері табылған.

 

Хабарламаға сәйкес, оның бірнеше сыбайласы жазда Украинада тұтқындалған болып, олардың жетекшісі Ресей азаматы екені анықталған.

 

Украинаның қауіпсіздік қызметі неонацистер кейбір материалдарды көрші елден алып тұрған деп санайды.

 

Қылмыс әлемінде бүркеншік «Гитлер» атын жамылған қылмыскердің шын аты-жөні айтылмаған.

 

2019 жылдың наурызында австралиялық террорист Брентон Таррант Жаңа Зеландияның Кристчерч қаласындағы екі мешітке құралды шабуыл жасап, соның нәтижесінде 51 адам қаза тауып, тағы 40 адам жарақат алған еді.

 

Ал 2020 жылдың 27 тамызында Жаңа Зелландия соты жазықсыз мұсылмандарды атқаны үшін оны өмір бойы бас бостандғынан айыру жазасына кескен.

 

 

 

turkystan.kz




Көрілген: 658    Пікірлер: 0

жексенбі, 10.01.2021, 03:09

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    25 Ақпан, 23:48
    Жер сілкінді

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28