Шартарап

Ким Чен Ын Пхеньяндағы тыңайтқыш зауытының лентасын қиды

  • © The Sun

    © The Sun

Ким Чен Ын Пхеньяндағы тыңайтқыш зауытының лентасын қиды. Бұл туралы qamshy.kz тілшісі BBC және The Sun басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

Солтүстік Кореяның мемлекеттік KCNA ақпарат агенттігі сенбі күні Ким Чен Ын Пхеньянның солтүстігіндегі тыңайтқыштар шығаратын зауыттың ашылу салтанатына қатысқанын мәлімдеді.

 

20 күн үзілістен соң жергілікті БАҚ Солтүстік Корея басшысының суреттерін жариялады.

 

Мемлекеттік ақпарат құралының жазуынша, тыңайтқыш зауытының лентасын қиған кезде Ким Чен Ын көңілді болған. Зауыттың ашылу салтанатына Солтүстік Корея лидерінің қарындасы Ким Ё Чжон да қатысқан.

 

Бұл ақпараттың нақтылығын BBC де, Reuters агенттігі де өз бетінше анықтай алмағанын хабарлады.

 

Алайда, соңғы сағаттарда британиялық The Sun басылымы Ким Чен Ынның лента қиған сәтінің фотоларын алғашқылардың бірі болып жариялады.

 

Айта кетейік, бұған дейін Солтүстік Кореяның бұқаралық ақпарат құралдары Ким Чен Ынның Оңтүстік Африка президентіне 27 сәуірде жолдаған құттықтау хаты мен Пхеньян құрылысшыларына жазған алғыс хатын жариялаған болатын.

 

36 жастағы диктатор 11 сәуірден бері көрінбей кеткен соң, оған қатысты түрлі қауесеттер тарап, оның жүрек отасынан көз жұмғаны жайында ақпарат пайда болды, тіпті, оның әйнек табытта жатқан фотосы әлеуметтік желілерде кең таралды. Пхеньяннан қашып шыққан заң шығарушы қызметкер Солтүстік Корея лидерінің өткен аптада өлгенін мәлімдеді.

 

Ал, бірнеше күн бұрын Ким Чен Ынның отбасылық пойызының жерсеріктік суреті жарияланып, оның тірі екені туралы Оңтүстік Корея президентінің кеңесшісі сұқбат берді. Солтүстік Корея басылымдары Ким Чен Ынның құрылысшы жұмыскерлерге алғыс хат жолдағанын жазды.

 

Ал, 25 сәуір күні Қытай медициналық тобының Солтүстік Корея астанасы Пхеньянға жіберілгенін хабарлағанбыз. Сонымен бірге, Ким Чен Ынның өміріне үлкен қауіп төніп тұрғанын жазған CNN ақпаратын да жарияладық. Егер, Ким Чен Ын көз жұмса, орнына қарындасының келуі мүмкін екенін және Солтүстік Корея басшысының өлімі ядролық соғыс қаупін тудыратынын жазғанбыз

 




Көрілген: 1038    Пікірлер: 0

сенбі, 02.05.2020, 15:59

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    24 Қыркүйек, 08:51
    Қауіпті маса пайда болды

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30