Шартарап

Ким Кардашьян Таулы Қарабақтағы жанжалға қатысты пікір білдірді

  • Фото: peopletalk.ru

    Фото: peopletalk.ru

Актриса, фотомодель Ким Кардашьян Таулы Қарабаққа байланысты туындаған Әзербайжанмен қақтығыста Арменияны қолдады. Бұл туралы ол Instagram-дағы жеке парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кардашьянның пікірінше, Армения Әзербайжанның негізсіз шабуылына ұшырап, Бакудың жалған ақпарат тарату науқанының құрбаны болған.

"Жаңалықта қате кеткен, бұл қақтығыс емес", - деп жазды ол.
Ким Кардашян аймаққа тергеу жүргізу үшін халықаралық бақылаушыларды жіберуге, сондай-ақ қақтығыстың одан әрі өршуіне жол бермеу үшін халықаралық саяси және дипломатиялық шараларды қолдануға шақырды.

Сонымен қатар, ол өз оқырмандарын Ақ үйге және АҚШ Конгресіне хабарласып, Түркияның қақтығысқа қатысуына жол бермеу және Әзербайжанның армяндарға қарсы кез келген әскери ұрысты тоқтатуды сұрады.

Сондай-ақ, шілдеде армян-әзербайжан шекарасында қақтығыс басталған кезде Кардашьян Әзербайжанның шекарадағы шабуылдарды тоқтатуға және Арменияны қолдауға шақырған болатын.

Еске салайық, 27 қыркүйек күні таңертең Армения мен Әзербайжан арасындағы қақтығыс шиеленісті. Таулы Қарабақта соғыс жағдайы енгізілді. Армения да Қарабақтағы оқиғаларға байланысты әскери жағдай мен жалпы мобилизация жариялады.

Бүгіннен бастап Әзербайжанда да соғыс жағдайы енгізілді.




Көрілген: 594    Пікірлер: 0

сейсенбі, 29.09.2020, 03:05

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31