Шартарап

Кипрде қазақстандық әйел өзінің 12 жастағы баласын өлтірген

  • © tengrinews.kz

    © tengrinews.kz

Кипр астанасы Никосияда 40 жастағы Қазақстан азаматшасы өзінің 12 жастағы ұлын өлтірген, - деп хабарлайды russianwave.com порталы.


Басылым мәліметінше, баласын өлтіргеннен кейін, әйел өзіне қол жұмсамақшы болған, алайда дәрігерлер оны аман алып қалған.


Әйелдің 52 жастағы грек-кипрлік күйеуі әрі баланың өгей әкесі полиция қызметкері екен. Ол үйіне келгенде есік іштен жабылған, осылайша ол үйіне кіре алмаған. Ер адам көмекке өрт сөндіру қызметін шақырған. Терезе арқылы кіріп, еденде қансырап жатқан әйелін көрген. 12 жастағы бала төсекте жатқан. Оның тамағына пышақ ұрған.


Әйелге Никосиядағы Орталық госпитальда ота жасалған соң, үйіне жіберген - дәрігерлер оның жағдайы бірқалыпты болғанын айтады. Әйелді психиатр қараған, оны Athalassa психемдеу клиникасына жіберген, кейін ол адам өлтіргені үшін сот алдында жауап беретін болады.


Полиция мәліметінше, әйелдің денсаулығы сыр берген.


Тengrinews.kz


 




Көрілген: 741    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 04.09.2019, 17:41

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30