Шартарап

Кит жұтқан аквалангшы қалай аман қалды

  • Кит жұтқан аквалангшы қалай аман қалды

    Кит жұтқан аквалангшы қалай аман қалды

Массачусетсте аквалангшы бүкір киттің аузынан сытылып шығып, қандай да бір ауыр жарақат алмастан жағаға жете алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті жердің Cape Cod Times газетіне сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 56 жастағы Майкл Пакард жұма күні таңертең Провинстаун қаласының жанында Атлант мұхитының жағасында лобстерлерді аулап жүрген.

«Мен кенеттен алып күштің тартып әкетіп бара жатқанын сезіндім, содан кейін айнала қараңғы болып кетті. Мен өзімнің қозғалғанымды сезіндім, ал кит мені аузындағы бұлшық еттердің көмегімен итеріп жіберді», - деді ол басылымға.

Бастапқыда Пакард оны акула жеп қойды деп ойлаған, бірақ оған шабуыл жасаған тіршілік иесінің тістерін таба алмағаннан кейін ешқандай ауыр жарақат алмағанын түсінген дайвер өзінің киттің ішінде екенін түсінген. Аквалангшы қарқынды түрде қозғала бастаған, содан кейін кит су бетіне шығып, басын шайқап, оны босатып жіберген. Пакардтың серіктесі оны қайыққа сүйреп апарып, жағаға шығарған. Дайвер жергілікті ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның өміріне еш қауіп төніп тұрмағанын айтып, оны бірнеше сағаттан кейін үйіне жіберген.




Көрілген: 636    Пікірлер: 0

сенбі, 12.06.2021, 13:46

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31