Шартарап

Киітке көңілі толмаған күйеу жігіт құдалықтан кейін некесін бұзды

  • Иллюстрациялық сурет

    Иллюстрациялық сурет

Өзбекстанда шаңырақ көтерген жас жұп үйлену тойының ертеңінде ажырасып кетті. Сөйтсе күйеу жігітке қыз жақтан келген киім ұнамай, ол мұны мазақ ету деп түсінген, деп хабарлайды Zakon.kz Yoshlar (Жастар) өзбек телеарнасына сілтеме жасап.


Телеарнадан Өзбекстанның Навои аймағындағы отбасы және неке мәселелері, сондай-ақ жастардың жиі ажырасуына не себеп екендігі туралы репортаж көрсетілген. Бір жігіт өзінің тойы болған күнінің ертеңінде неге ажырасып кеткенін телеарна тілшісіне айтып берген. Өзбектердің дәстүрі бойынша, қыздың әке-шешесі күйеу баласына киім сыйласа, ұлдың әке-шешесі жас келінге ыдыс-аяқ, кілем, тұрмыстық техника сыйлайды екен.


- Қыздың ата-анасының маған берген киімі ұнамады. Түріктікін әкелетін шығар деп ойладым. Өйткені оған олардың шамасы келеді. Әке-шешесі де, ағалары да жақсы жерде жұмыс істейді. Ал олар болса, көп керек етпейтін, қолдан қолға өтіп жүретін "трәпкілерді" әкеліп тықпалаған. Осы дұрыс па? Өзім достарыма, таныс құрбыларыма айттым, ертең күйеуге тиесіңдер, қазірден дайындала беріңдер. Берсеңдер киімді дұрысынан беріңдер деп айтып жатырмын, - дейді ажырасқан жігіт.

Ал сіз жақтың сыйлығы қызға ұнады ма деген сауалға ол жауап бермей, үндемей құтылды. 




Көрілген: 1438    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 19.08.2019, 18:20

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2019
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    қыркүйек
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30