Шартарап

Клиент қыздың шашын пышақпен "турап" алып берген шаштараз жұртты таңғалдырды

  • Клиент қыздың шашын пышақпен

    Клиент қыздың шашын пышақпен "турап" алып берген шаштараз жұртты таңғалдырды

Қытайдың Шанхай қаласының тұрғыны жергілікті сұлулық салонының жанынан өтіп бара жатып, өте қызықты жағдайға тап болды. Ол шаштараздың ет кесетін пышақпен келушінің шашын қиып отырғанын көріп, таңғалған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ 120.su сайтына сілтеме жасап.

Басылымның жазуынша, қытайлық азамат жол жөнекей кетіп бара жатып, сұлулық салонында болып жатқан жағдайды көріп, ішіне кіруді ұйығарыпты.

Таңырқап қалған ол бірден ұялы телефонын алып, көріністі видеоға түсіре бастаған.

Кадрдан салонға келушінің арнайы орындықта отырудың орнына жерде жатқанын, ал маманның оның шашын ет турайтын пышақпен қиып жатқанын көруге болады.

Шаштараз тіпті, бойжеткен жатқан жерге ештеңе төсемеген. Оның шашы ғана арнайы матаның үстіне жайылған. Ер адам келуші қыздың шашын қиып, кейін ұшталған жерлерін түзулеп берген.

Видео соңында бойжеткенге мұндай шаш қию тәсілі ұнағандай көрінді. Алайда бейнежазбаға пікір қалдырған арасында шаштараздың кәсібилігіне күмән келтіргендер де табылған.

Дегенмен бұндай шаш қию тәсілі салонда бұрыннан қолданыла ма, әлде күнделікті әдістердің бірі ме ол жағы белгісіз.




Көрілген: 1821    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 18.11.2019, 17:38

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    тамыз
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31