Шартарап

Қоқыс ақтарып, бір үзім нан іздейтіндер көбейген

  • Қоқыс ақтарып, бір үзім нан іздейтіндер көбейген

    Қоқыс ақтарып, бір үзім нан іздейтіндер көбейген

Бразилияда азық-түлік тапшы. Осыған байланысты елде мұқтаж жандарға тамақ жағынан көмек беру науқаны басталды.

Үкіметтік емес ұйым белсенділері вакциналау орталықтарына тағам түрлерін жеткізіп, әрі қарай жағдайы төмен отбасыларға таратылады. Қайырымды іске басқа ерікті адамдар да қосылуда. Кейбіреулері тіпті аты-жөнін ашық көрсетпеуді өтінген.

Елде жүргізілген сауалнама бойынша 19 миллион тұрғынға аштық қаупі төніп тұр. Ал 116 миллион адам тойып тамақ ішпейді. Соңғы кездері қоқыс ақтарып, бір тілім нан іздейтіндер көбейген. Аталған акция аясында бір ғана Рио-де-Жанейро қаласындағы 250 вакциналау орталығына 7 тонна азық-түлік берілген.

Салвино Оливейра, жастар ұйымының хатшысы: - Бұл Рио-де-Жанейро тарихындағы ең үлкен қайырымдылық шарасы болып тұр. Шамасы келетін әрбір адам бір келі болсын тамақ немесе санитарлық заттар әкеледі деп сенеміз. Біз бұл нәрселерді мұқтаж жандарға үлестіреміз.

24.kz




Көрілген: 429    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.04.2021, 00:03

Достарыңмен бөліс:



  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    мамыр
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29 30
    31