Шартарап

Қоқыс алаңындағы аш пілдер

  • Қоқыс алаңындағы аш пілдер

    Қоқыс алаңындағы аш пілдер

Тилахан Тармапалан түсірген Шри-Ланкадағы қоқыс алаңында тамақ іздеп жүрген аш пілдер табыны бейнеленген сурет Корольдік биологиялық қоғамының (RSB) фотосурет конкурсында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

Онда Ампара округіндегі қорық маңайында тамақ іздеп, қоқыс алаңын кезіп жүрген аш пілдер түсірілген.

Қалдықтармен уланған пілдердің ауруға шалдығуы және өлу жағдайларының жиіленуіне байланысты таяуда жергілікті билік орындары қорық маңайында қоқыс жинауға тыйым салған болатын.

Биылғы жылғы «Біздің өзгермелі әлем» атты конкурс тақырыбын барынша дәл ашқан деп есептеген төрешілер Тармапалан жұмысын ең үздік шығарма деп таныған.

Бұл жеңіс фотосуретшіге шамамен 1300 доллар сыйақы әкелді.




Көрілген: 368    Пікірлер: 0

дүйсенбі, 12.10.2020, 01:47

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1
    2 3 4 5 6 7 8
    9 10 11 12 13 14 15
    16 17 18 19 20 21 22
    23 24 25 26 27 28 29
    30