Құрметті оқырмандар назарына! «Алаш айнасы» желілік-басылымы Ақпарат комитетінің 2023 жылғы 01 қарашадағы № 15 бұйрығы негізінде 2023 жылғы 30 қазаннан бастап бұқаралық ақпарат құралы ретінде өз қызметін тоқтатты.

К сведению уважаемых читателей! Сетевое издание «Алаш айнасы» на основании Приказа Комитета информации № 15 от «01» ноября 2023 года прекратил свою деятельность в качестве средства массовой информации с 30 октября 2023 года.

Қоқысқа зәру болып отыр

20 тамыз 2020, 08:31

Швеция басқа мемлекеттерден қоқыс сатып алмақшы, деп хабарлайды Алтайньюс.

Әлем халықтарын әуреге салған қоқыс мәселесі Швецияда жоқ екен. Өйткені қоқыстың 99%-ын қайта өңдеуге жіберетін олар енді қоқыс таба алмай отырған көрінеді. Елдегі басты мәселе де осы. Өйткені Стокгольмдегі электроэнергияның 45%-ын қоқыс қамтамасыз етеді.

Швецияда әр отбасында 7 қоқыс жәшігі бар. Мәселен, бір жәшікке тек қана қағаз салса, екіншісіне шыны дегендей кете береді. Тіпті балабақша мен мектептерде қоқысты тастауды үйретеді.

Шведтер қоқысқа тасталған бір бөтелкеден жетеуін жасап шығарады.

Ал қоқысты өңдеу кезінде атмосфераның ластануы 1%-дан да аз көрсеткішке ие.

Айта кетейік, Швецияға Норвегия мемлекеті жылына 800 мың тонна қоқыс жібереді екен.

 

 

BAQ.KZ