Шартарап

Көлік жүксалғышында мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

  • Көлік жүксалғышында мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

    Көлік жүксалғышында мәйіт табылған жүргізуші адамжегіш болып шықты

21 қарашада Ленинград облысында болған жол апаты кезінде жантүршігерлік оқиға мәлім болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 47news сайтына сілтеме жасап.

Сол күні Санкт-Петербург маңындағы тасжолда Mitsubishi Galant көлігі жол шетіндегі қоршауға соғылған. Көлік соғылған кезде оның жүк салғышынан адамның басы мен омыртқа сүйегі түсіп қалған.

 
Үш күдікті оқиға орнынан қашып кетіп, кейін олар жедел іздестіру жұмыстары кезінде ұсталған. Олар көлік жөндеу орнының 50 жастағы қожайыны Аркадий Казинянның мәйітін алып бара жатқан. Ол қайтыс болғанға дейін достарымен бірге ішімдік ішкен екен.

Жауап алу кезінде ұсталғандардың бірі мұндай қылмысты алғаш рет жасап тұрмағанын айтқан. Ол соңғы рет адам өлтіргенде тіпті етін жеген. Яғни каннибализмді мойындаған.

23 жастағы Егор Комаров былтыр қыркүйекте 38 жастағы биржа брокеріне пышақпен шабуыл жасап, кейін тілін қалай пісіргенін айтып берді және көрсетті.

"Тіл қайнаған кезде дәмін көрдім, бірақ ұнамады. Мүмкін, денесінің басқа бөлігі болса ұнауы мүмкін еді", - дейді ұсталған адам.
Жергілікті БАҚ жағдайды Квентин Тарантино мен Ганнибал Лектор туралы фильмдермен салыстырды.




Көрілген: 3948    Пікірлер: 0

сейсенбі, 23.11.2021, 09:46

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қараша
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6 7
    8 9 10 11 12 13 14
    15 16 17 18 19 20 21
    22 23 24 25 26 27 28
    29 30