Көліктің үстіне бетон плита құлады (видео)
Ресейдің Владивосток қаласында тоғыз қабатты үйдің шатыры көліктің үстіне құлады.
 
Дәл осы кезде иесі көлікті тазалап жатқан.
 
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
 
Ер адам көпқабатты тұрғын үй маңына қойылған автомобильді қардан тазалап жатқан кезде көліктің үстіне бетон плита құлады.
 
Абырой болғанда, көлік иесі қашып үлгерді.
 
Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.