Қолтырауын көлде шомылған баланы талап өлтірді

13 сәуір 2022, 17:25

Шри-Ланкада көлге шомылған 15 жастағы бала қолтырауынға жем болды. Оқиға оның достарының көз алдында болды. Бұл туралы Daily Mirror басылымы жазды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 11 сәуір күні үш оқушы Манерува көлінде шомылмақ болған. Олар суда жүрген кезінде қолтырауын пайда болып, балалардың бірін су астына алып, талады. Марқұмның денесі тек келесі күні таңертең табылды. 

2021 жылдың наурыз айында Шри-Ланкада қолтырауын суқоймада шомылып жүрген жасөспірімді талады. Ол кезде де жас бала достарының көз алдында бақиға аттанған. 

 Stan.kz