Колумбияның орталығындағы көмір шахтасындағы жарылыстан қаза тапқандар саны 21-ге жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Deutsche Welle арнасына сілтеме жасап.
Колумбия президенті Густаво Петро Twitter-де әрбір өлім кәсіптің ғана емес, қоғам мен мемлекеттің де сәтсіздігі екенін айтты.
"Мен губернатор Николас Гарсиа Бустоспен байланыстым. Ол маған құтқарушылар барлық күш-жігерін салғанына қарамастан, жарылыстан 21 адамның қаза тапқанын хабарлады", - деді президент.
Айта кетейік, 14 наурызда Колумбияның орталығындағы Сутатауса муниципалитетіндегі шахтада бірнеше рет жарылыс болып, шахтада 30-дан астам кенші қалып қойған.