Шартарап

Көңілдесінің мүдегек ұлымен төсектес болған әйел оны өлтіріп тастады

  • Көңілдесінің мүдегек ұлымен төсектес болған әйел оны өлтіріп тастады

    Көңілдесінің мүдегек ұлымен төсектес болған әйел оны өлтіріп тастады

2018 жылы 1 сәуірде клубта билеумен айналысатын Миллс көңілдесінің ұлы Уайттің үйінде онымен төсектес болып, төсектегі ақысы үшін есірткі мен ақша талап етеді.

Американың Вирджиния штатына қарасты Рурал-Ретрит қаласының тұрғыны көңілдесінің ұлын өлтіріп қойды. Ол мұндай жауыздыққа ақша мен есірткіге қол жеткізу үшін барған, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

43 жастағы Роэна Шерил Миллс түнгі клубта стриптизер болып жұмыс істеп жүрген кезінде Джеймс есімді жүк көлігінің жүргізушісімен танысады. Содан бастап жақын араласып, екеуі көңілдеске айналады. Олар шамаман бір жылдай жақын жыныстық қарым-қатынаста болады.

Джеймс көңілдес әйелін 29 жастағы ұлы Бо Уайтпен таныстырады. Ұлы мүгедек болатын. Ол еңбекке қабілетсіз болғандықтан, денсаулық жағдайына байланысты жәрдемақы алатын. Ол "Зведные войны" көріп, түрлі фильмдердің кейіпкерлерінің пішіндерімен ойнағанды ұнататын.

2018 жылы 1 сәуірде клубта билеумен айналысатын Миллс көңілдесінің ұлы Уайттің үйінде онымен төсектес болып, төсектегі ақысы үшін есірткі мен ақша талап етеді. Осыдан кейін әйел, мүгедек баланы аяусыз ұрып, асхана пышағымен бауыздап, басын кесіп тастайды.

Джордж Сайтлер, сот отырысы барысында Миллстің есірткіге тәуелді болғанын айтып, өз қызығушылығын қанағаттандыру үшін мүгедек жігітті пайдаланғанын хабарлады.

Миллс болса, оны өлтірмегенін айтып, "мені әкесі мүгедек ұлынан қызғанғандықтан өлтірді" деп жалтарады. Миллстің мұндай қорғану тәсіліне қарамастан, сот оны адам өлтіргені үшін кінәлі деген шешім шығарды.

Енді ол, мерзімінен бұрын шартты түрде босату құқығынсыз өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.




Көрілген: 2362    Пікірлер: 0

жексенбі, 19.01.2020, 13:01

Достарыңмен бөліс:

2
  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    ақпан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2
    3 4 5 6 7 8 9
    10 11 12 13 14 15 16
    17 18 19 20 21 22 23
    24 25 26 27 28 29