Көпқабатты ғимарат күл-талқан болып, көптеген адам қиранды астында қалды

23 мамыр 2022, 22:53

Иранның Абадан қаласында 10 қабатты ғимарат опырылып құлады. Қирандының астында шамамен 80 адам болуы мүмкін, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.

Fars агенттігінің хабарлауынша, құтқарушылардың соңғы мәліметтері бойынша, оқыс оқиға салдарынан бес адам қаза тапты, тағы 27 адам жарақат алды.

 

Сондай-ақ, провинция губернаторы басқармасы таоартқан мәліметке сүйенсек, аталған апатты жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендер бұдан да көп болуы мүмкін, өйткені құлаған ғимарат қаладағы тығыз орналасқан көпқабатты тұрғын-үйлер арасында болған.

 

"Құтқару операциясы көрші ғимараттың да әрең тұрғандығына байланысты қиынға соғуда, ол да құлап кетуі мүмкін", – деді Қызыл жарты айдың жергілікті қоғамы.

 

Қазіргі уақытта оқиға орнында бірнеше құтқару және өрт сөндіру бөлімшелері, сондай-ақ дәрігерлер жұмыс істеп жатыр.

 

Билік іздестіру жұмыстарына тағы 50-ге жуық құтқарушылар тобын, сондай-ақ зардап шеккендерді ауруханаға эвакуациялау үшін тікұшақты да жұмылдырды.