Шартарап

Көпқабатты үйден, бір ай бұрын өлген, төрт адамның мәйіті табылды

  • https://www.gobalakovo.ru/

    https://www.gobalakovo.ru/

Ресейдің Щелково қаласында көпқабатты үйдегі пәтерден төрт адамның мәйіті табылды, деп жазды РИА Новости.

 

Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, 42 жастағы Фируз Еров әйелі мен екі қызын пышақтап өлтіріп, артынан өзіне қол жұмсаған.

 

Фируз Еров пен әйелі Юлияның, олардың 11 және 17 жастағы қыздарының мәйіті 30 мамырда кешке көпқабатты үйлердің бірінен табылды. Бір күн бұрын Еровтардың туыстары полицияға қоңырау шалып, отбасы бір айдан бері хабарсыз кеткенін айтқан.

 

Есіктің қоңырауына ешкім жауап бермегендіктен, полицейлер құлыпты бұзып кірген. Криминалистер көптеген жарақаттан бірінші болып әйел мен балалар өлген деген болжам жасады. Сол жерде қылмыс құралы жатқан. Барлығы бір ай бұрын көз жұмған.

 

Отағасының денесі көрші бөлмеден бос сірке бөтелкесінің жанынан табылған. Тергеушілер "Екі немесе одан да көп адамды өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

 

Фируз Юлиямен Тәжікстанда танысқан. Олар үйленіп, көп ұзамай қыз бала дүниеге келеді. Бірнеше жылдан кейін Еровқа шетелде жұмыс ұсынады – "Почта России" компаниясы болашағы зор тәжік бағдарламашысына қызығушылық танытып, оны Волгоград облысына шақырыпты.

 

"Олар онда бес жылдай тұрды, - дейді отбасының досы Оксана.— Юлия жергілікті дүкенде әкімші болып жұмыс істеді, күйеуі компьютермен айналысты. Оны білетіндердің барлығы Фируз шынымен де жақсы маман болғанын айтып жүр".

 

Юлия сонда екінші баланы дүниеге әкелген. Таныстарының айтуынша, отағасы екі қызы мен әйеліне әрдайым қамқор болып келген.

 

Туыстарының бірі Фируздың құмар ойындарына әуестенуі отбасындағы қарым-қатынасты нашарлатқанын айтты – біраз уақыттан бері ол спортқа тұрақты түрде бәс тігіп, көп қаржысынан айырылған.

 

"Еровтар Волгоград облысында тұрған кезде мұндай жағдай болмаған еді. Фируз тапқан ақшасын отбасына әкелетін, ол қыздары үшін бәрін жасады, солар үшін өмір сүрді", - деп толықтырды Оксана.

 

 

 

sputnik.kz




Көрілген: 2612    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 02.06.2021, 17:26

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:
    26 Шілде, 11:00
    Ірі метеорит құлады

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    шілде
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31