Шартарап

Қораздардың шайқасын тоқтатпақшы болған полицейді құстардың бірі өлтіріп қойды

  • https://stan.kz/

    https://stan.kz/

Солтүстік Самарда филиппиндік полицейді қораз өлтіріп тастады. Қораздар шайқасын тоқтатпақ болған полицей қансырап көз жұмды деп хабарлайды stan.kz.

 

Филиппиндік полиция лейтенанты Кристин Болоктың аяғын әтештің аяғына байланған өткір темір кесіп кетті. Полицей ауруханаға барар жолда көп қан жоғалтқаны себепті көз жұмды.

 

Полицей Солтүстік Самар провинциясындағы заңсыз қораз төбелес мекемесіне қарсы рейдке қатысқан. Филиппинде әтештер жекпе-жегі - әйгілі ойын-сауық. Ойынның жанкүйерлері жеңімпаз қоразға бәс тігеді.

 

Елде әтештер төбелесін лицензияланған мекемелерде жексенбі және мереке күндері ғана өткізуге рұқсат етіледі. Ковид-19 пандемиясы кезінде толығымен тыйым салынған.

 

Солтүстік Самара полициясының басшысы полковник Арнель Апуд Франс Пресс агенттігіне берген сұхбатында офицерінің өлімін жазатайым оқиға деп атады.

 

«Бастапқыда маған хабарлаған кезде мен сенбедім. Полицияда қызмет еткен 25 жылда мұндай оқиғаны алғаш рет естідім», - деді полковник марқұмның отбасына көңіл айта отырып.

 

Оқиғаға байланысты үш адам қамауға алынды, жеті әтеш және 550 песо (11,4 доллар) қолма-қол тәркіленді. Тағы үш күдікті қашып кетті. Олар қазір іздеуде.

 

Полицейді өлтірген әтештің одан арғы тағдыры туралы айтылған жоқ.

 




Көрілген: 1593    Пікірлер: 0

жұма, 30.10.2020, 07:52

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5 6
    7 8 9 10 11 12 13
    14 15 16 17 18 19 20
    21 22 23 24 25 26 27
    28 29 30 31