Шартарап

Корея халқының 90 проценті иттің етін жемейді

  • Корея халқының 90 проценті иттің етін жемейді

    Корея халқының 90 проценті иттің етін жемейді

Оңтүстік кореялықтардың 90 проценті ит етін жемейді. Елде жүргізілген сауалнама нәтижесі осындай. Ал өткен айда президент Мун Чжэ Ин үкіметке ит етін пайдалануға тыйым салуды қарастыруды ұсынған еді.

20 жыл бұрын Кореяда ит фермалары көп болатын. Бүгінде олардың барлығы дерлік жабылды, қалғаны астыртын жұмыс істейді. Керісінше жануарларға арналған орталықтар көбейген. Онда ит-мысықты емдейді және оларға ие іздейді. Орталық демеушілер есебінен қаржыландырылады. Қазір мұнда 300-ге жуық ит пен мысыққа 26 қызметкер қарайды. Хайуандардың бұрынғы иелері айуандық танытыпты. Мысалы, мына иттерді қаскүнем көлікке байлап, бірнеше шақырымға сүйреген.

Владислав Цой, тілші: - Бұл орталыққа иттер бүкіл Кореядан әкелінеді. Мысалы, мына жануарлар Пусан жақтан келген. Оларды көлік қағып кеткенде жанашыр жандар дер кезінде құтқарып алған.

Оңтүстік Кореяда төрт аяқтыларды қинау заңмен жазаланады. Мысалы, ауа райының қолайсыздығында жануарларды қараусыз қалдыру, күшпен тамақтандыру немесе ит төбелеске қатыстырғандар екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе 17 мың доллар айыппұл төлейді. Бірақ ит етін жеу қылмыс емес. Сондықтан елде әлі де осы жануарлардың етінен тағам ұсынатын мейрамханалар бар.

Чо Енг Ен, жануарларды асырау орталығының директоры: - Біздің елде иттің етін пайдалануды жақтайтындар да, қарсы болатындар да бар. Үкімет кімнің жағында екенін нақты анықтауы керек еді. Осы уақытқа дейін олар: біз көпшіліктің шешімін күтеміз деп келді, бірақ іс жүзінде олар бұл істі кейінге қалдырды. Біз президент Мунның ұсынысы ит жеу мәдениетін жоюға көмектеседі деп үміттенеміз.

Галлэп Кориа сауалнамасы көрсеткендей, ит етін пайдалануды заңнамалық түрде бекітуді қолдағандар мен қарсы болғандар бірдей шамамен 46 процентті құрайды. Сонымен қатар респонденттердің 9 жарым проценті: «Сіз жылына кем дегенде бір рет ит етін жеп көрдіңіз бе?» деген сұраққа ия деп жауап берді. Респонденттердің 90 проценттен астамы «мүлде жемейміз» деп жауап берді. Бұл мәліметтерді Жануарларды қорғау қауымдастығы растайды. Олар мысық пен итке күтім жасайтын адамдар көп екенін айтады.

Чо Хи Гён, Жануарларды қорғау ассоциациясының президенті: - Ит етін жақсы көретіндердің шамамен 10%-і аға буын өкілдері немесе ит етін жеуді әдетке айналдырғандар. Жастар оны жемейді. Заңнама құжатына сәйкес, ит еті тұтынуға рұқсат етілген өнімдер тізіміне енгізілмеген және ит етін сату заңсыз болып табылады. Бірақ, осы уақытқа дейін Үкімет шара қолданған жоқ, себебі ол оны ежелгі мәдениеттің бір бөлігі деп санады. Сондықтан президенттің шешімі маңызды.

Ит етін жеуден әлемдегі көшбасшы Қытай саналады. Онда жыл сайын шамамен 10 миллион ит сойылады. Вьетнамда жылына 5 миллион төртаяқты өлтіріледі. Кореяда, расталмаған мәліметтер бойынша, жылына миллионға дейін ит сойылады. Алайда, жануарларды қорғаушылар Кореяда ит етін жеу мәдениеті алдағы онжылдықта жойылатынына сенімді.

24.kz




Көрілген: 422    Пікірлер: 0

жексенбі, 17.10.2021, 16:22

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    желтоқсан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4 5
    6 7 8 9 10 11 12
    13 14 15 16 17 18 19
    20 21 22 23 24 25 26
    27 28 29 30 31