Шартарап

Корея теңіз түбіне көлік жолын салды

  • https://24.kz/

    https://24.kz/

Оңтүстік Кореяда теңізасты тоннель салынды. 11 жылға созылған құрылыс аяқталып, қазір жол таңбаларын орнату жұмыстары жүріп жатыр. Бұл әлемдегі ұзындығы бойынша 5-орынды алатын суасты жолы.

 

- Вонсан аралы. Бұрын оған тек кемемен жетуге болатын. Күніне он рет қатынайтын. Ал енді тунель арқылы кез келген уақытта автокөлікпен небәрі бес минутта жетуге болады. 

 

Ұзындығы жеті шақырымдай су астындағы тоннель - кореялық құрылысшылардың мақтанышы. Мұнда бәрі ұсақ-түйекке дейін ойластырылған: желдету, кәріз және электронды дисплейлер. Тіпті жер үстімен өтетін тоннельдердің құрылысына қарағанда бір жарым есе тығыз цемент қолданылған.

 

Инженерлердің айтуынша, бұл нысанды жүз жыл бойы пайдалануға болады. Екі бағытқа жүруге болатын 2 тоннель салынған. Жол оқиғасы бола қалған жағдайда екі жол арасындағы өтпе жолдар арқылы жедел жәрдем машиналары кіре алады.

 

- Тоннельде ұялы байланыс базасы орнатылған, сондықтан телефондарды пайдалануға болады. Зиянды шығарындыларды бақылау жүйесі де бар. 

 

Ким Ун Ён, аймақтық құрылыс және менеджмент басқармасының басшысы:

 

- Нысанымыз теңіздің астына 80 метр тереңдікте салынған, сондықтан ең қиыны су ағынын тоқтату болды. Бұл мәселені шешу үшін біз гидрооқшаулағыш жасадық және барлық қауіпсіздік шараларын сақтадық, 11 жылға созылған құрылыста бір де бір қызметкеріміз зардап шеккен жоқ. 

 

Тоннельдің құны 417 миллион 383 мың доллар. Үкімет індет өршіп тұрған кезде салынған бұл құрылыс мол пайда әкеледі деп сенеді. Өйткені осы жол арқылы Вонсан аралына туристер ағыны артады деп күтілуде.

 

Мұнда қазірдің өзінде қонақүйлер мен демалыс орталықтарының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.

 

Сонымен қатар аймақ балшық және гүлдер фестивальдарымен танымал.

 

Коронавирус кесірінен шетелдік қонақтардың саны айтарлықтай азайғанымен елдің басқа аймақтарынан келетін туристер саны жыл сайын өсіп келеді.

 

 

 

24.kz




Көрілген: 2722    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 08.09.2021, 08:58

Достарыңмен бөліс:





  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2021
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    2021
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3
    4 5 6 7 8 9 10
    11 12 13 14 15 16 17
    18 19 20 21 22 23 24
    25 26 27 28 29 30 31