Шартарап

Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді

  • Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді

    Қорғаныс министрлігі Беларусьтегі оқу-жаттығулар не үшін өтетінін түсіндірді

Қазақстанның қорғаныс министрлігі бұл оқу-жаттығудың Беларусь Республикасындағы ішкі саяси жағдаймен байланысы жоқ екенін мәлімдеді

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан 2020 жылдың 12-16 қазаны аралығында Беларусь Республикасының аумағында өтетін "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуына қатысады, деп хабарлады Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне қорғаныс министрлігі ақпарат және коммуникациялар департаментінің өкілі майор Ғани Нүсіпов.

"Бұл оқу-жаттығулардың Беларусь еліндегі ішкі саяси жағдаймен еш байланысы жоқ. "Мызғымас бауырластық" оқу-жаттығуы 2012 жылдан бастап жыл сайын өткізіліп келеді. Шара ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының ұжымдық бітімгершілік күштері негізінде өткізіледі", - деп түсіндірді Нүсіпов.

2020 жылы Қазақстан атынан оқу-жаттығуларға жедел топтың құрамында бақылаушы ретінде бірнеше адам қатысады. Олар бітімгершілік операцияларды ұйымдастырудың тәжірибесі мен ерекшеліктерін зерттейтін болады.

2020 жылы оқу-жаттығуды Беларусь Республикасының аумағында өткізу Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын басқару органдары мен құралымдарын 2025 жылға дейінгі кезеңге бірлескен даярлау іс-шараларының негізінде жүзеге асады. Бұл Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы қорғаныс министрлері кеңесі мен қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің 2018 жылдың 8 қарашасындағы шешімімен бекітілген.

 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында Беларусь елінде Қазақстан, Ресей, Армения, Қырғызстан және Тәжікстаннан барған әскери қызметшілердің әскери оқу-жаттығулары өтетіні туралы ақпарат пайда болған еді.

 




Көрілген: 220    Пікірлер: 0

сәрсенбі, 16.09.2020, 22:00

Достарыңмен бөліс:

  • СОҢҒЫ ЖАРИЯЛАНЫМДАР:

    Көп ашылған Көп пікір жазылған
    2020
    2008
    2009
    2010
    2011
    2012
    2013
    2014
    2015
    2016
    2017
    2018
    2019
    2020
    қазан
    қаңтар
    ақпан
    наурыз
    сәуір
    мамыр
    маусым
    шілде
    тамыз
    қыркүйек
    қазан
    қараша
    желтоқсан

    Алаш Айнасы мұрағаты

    Дс Сс Ср Бс Жм Сн Жс
    1 2 3 4
    5 6 7 8 9 10 11
    12 13 14 15 16 17 18
    19 20 21 22 23 24 25
    26 27 28 29 30 31